Астанада бүлдіршін балабақшада сорпаға күйіп қалған

531

Оқиға 2 қазанда болған.

Астанада бүлдіршін балабақшада сорпаға күйіп қалған Фото: instagram/Astanovka98

Астанада балабақшада 1,5 жастағы баланың ауыр күйік алуына байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, ыстық сорпаға күйген баланың денесін үшінші дәрежелі күйік шалған.

Анасының айтуынша, балабақша өкілдері оқиғаға өздерінің қатысы бар екенін жоққа шығарған.

Астана қалалық полиция департаментінің мәліметінше, қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

"Балабақша қызметкерінің кәмелетке толмаған баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамауы" дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу аясында бейнебақылау камераларындағы жазбалар алынып, зерделеніп жатыр", – делінген полиция хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу