Астанада бұршақ аралас нөсерден бірқатар нысанға зақым келді

768

Астанада бұршақ аралас нөсерден бірқатар нысанға зақым келді

Астанада болған қатты дауыл мен бұршақты нөсерден Бейбітшілік және келісім сарайының әйнектері қирады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

"Әзірге қатты дауылдан мұнаралық кранның құлағаны белгілі. Пирамиданың (Бейбітшілік және Келісім сарайы - ред) витражды әйнектеріне зақым келді. Тағы да ақпарат келіп түссе, сіздерге хабарлаймыз", - деді комитеттің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Куәгерлердің хабарлауынша, мұнаралық кран Алматы-Түркістан көшелерінің қиылысындағы құрылыс аумағында құлаған.

Айта кетейік, Астанада қатты дауыл соғып, бұршақ аралас нөсер жауды. Салдарынан қаладағы бірқатар нысанға зақым келді. 

Бұған дейін, Қазгидромет Қазақстанның басым бөлігінде жауын жауатынын ескерткен еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу