Жарыстың жалпы жүлде қоры — 1 миллион 250 мың доллар. Қазақстан атынан өнер көрсетіп жатқан Данила Голубенко жартылай финалға жолдама алғанын да айта кетейік. Ол Бразилия құрамасының сапында ойнап, жоғары нәтижеге қол жеткізді.
"Әрдайым осындай ауқымды турнирдің Қазақстанда өткенін армандайтынмын. Мұндай додада ойнау нағыз киберспортшының арманы. Ұйымдастыру деңгейі әлемдік стандартқа сай. Өзім атмосферасы мен дәл осындай стадионда өткен 30-дан астам халықаралық турнирге қатыстым. Ең қуантарлығы өзгелер де келіп, әртүрлі командаларға жанкүйер болып жатыр. Бұл керемет жағдай", – деді Даурен Қыстаубаев.
Еліміздің Киберспорт федерациясының пікірінше, PGL турнирінің Қазақстанда өтуі Қазақстанның жаһандық киберспорт аренасындағы беделін нығайтады. Сонымен қатар, еліміздегі киберспортты дамыту жолындағы маңызды қадам болмақ. Ол халықаралық қауымдастықтың назарын аударуға, инфрақұрылымды дамытуға және жергілікті ойыншылар үшін жаңа мүмкіндіктер ашуға ықпал етеді.