"Қаланың Алматы ауданындағы Тәуелсіздік даңғылы мен Ақыртас көшесінің қиылысында 2 қабатты дәмхананың бильярд бөлмесінен өрт шықты. Келген құтқарушылар өртті жедел түрде сөндіріп, баспалдақтың көмегімен ғимараттың шатыры арқылы дәмхананың 2 қызметкерін құтқарды. Ғимаратта болған адамдар өрт сөндірушілер келгенге дейін өздері далаға шыққан", - делінген таратылған мәліметте.
Құтқарушылар өрт салдарынан ешкім зардап шекпегенін хабарлады. Қазір мамандар өрттің не себепті шыққанын анықтап жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу