Астанада демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

98

Келушілерге ыңғайлы болу үшін жәрмеңке өтетін орынға № 7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307 және 317 бағытындағы автобустар қатынайды. 

 Астанада демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді Фото: beta.egov.kz

Астанада 28 ақпан мен 1 наурыз күндері кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жәрмеңкеде жергілікті фермерлер мен Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөніс пен жеміс-жидек, ет, ұн және сүт өнімдері, нан-тоқаштар, табиғи шырындар, тосаптар мен джемдерді және өзге де тауарларды қолжетімді бағада сатып ала алады.

Іс-шара 28 ақпан және 1 наурыз күндері сағат 10:00–ден 19:00–ге дейін Keryen Joly сауда орталығында (Алаш тас жолы, 35Б) өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу