Астанада демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

308

Шара 10 және 11 қаңтар күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін өтеді.  

Астанада демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді Фото: gov.kz

Жәрмеңкеде жергілікті фермерлер мен Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген тауар өндірушілердің өнімдері ұсынылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қала тұрғындары мен қонақтары көкөністер мен жеміс-жидектерді, ет өнімдерін, ұн және сүт өнімдерін, наубайхана тауарларын, табиғи шырындар, тосаптар мен джемдерді тиімді бағада сатып ала алады.

Өтетін орны: "Keryen Joly" сауда орталығы, Алаш тас жолы, 35Б.

Келушілердің ыңғайлылығы үшін жәрмеңке өтетін орынға № 7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307 және 317 бағыттағы қоғамдық көліктер қатынайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу