Астанада демалыс күндері жұмыс істейтін жаңа жәрмеңке ашылады

151

Ол "KERYEN JOLY" сауда орталығының аумағында орналасқан. 

Астанада демалыс күндері жұмыс істейтін жаңа жәрмеңке ашылады Фото: gov.kz

Астанада 12-13 шілде күндері демалыс күндері жұмыс істейтін жаңа жәрмеңке алаңы ашылады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Жәрмеңкеде елордалықтар мен қала қонақтарына еліміздің түрлі өңірлерінен келген жергілікті ауыл шаруашылығы өндірушілері мен фермерлік шаруашылықтардың азық-түлік өнімдерінің кең ассортименті ұсынылады. Қонақтар жаңа піскен көкөністер мен жемістерді, ет және ет өнімдерін, сүт өнімдерін, нан-тоқаш бұйымдарын, бал, тосап, табиғи шырындар мен басқа да тауарларды қолжетімді бағамен сатып ала алады.

Сонымен қатар, дәл осы күндері – 12 және 13 шілдеде демалыс күнгі жәрмеңкелер қала тұрғындарына бұрыннан таныс мына алаңдарда да жұмыс істейді:
• "Көктал" сауда-ойын-сауық орталығының аумағында (Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 12а);
• Бейбарыс Сұлтан көшесі, 23 мекенжайында (Рио-де-Жанейро тұрғын үй кешенінің қарсы бетінде).

Барлық жәрмеңкелік алаң сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу