Астанада едені тесілген автобуспен жолаушы тасымалдаған жүргізуші жазаланды

1007

Жолаушылардың бірі бейнежазбаны Threads әлеуметтік желісінде жариялаған.  

Астанада едені тесілген автобуспен жолаушы тасымалдаған жүргізуші жазаланды Фото: Threads/baimen_gaukhar

Астанада жолаушылар автобустың еденіндегі тесікті байқап, оны видеоға түсірген. Кадрлар көпшіліктің қызу талқысына түсті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Тексеру нәтижесінде полиция техникалық ақауы бар қоғамдық көлікті желіге қосқаны үшін автобус паркіне қатысты әкімшілік іс қозғады.

Сондай-ақ автобус жүргізушісі де жауапкершілікке тартылды. Бұл оқиғадан кейін нөмері 7 бағыттағы автобус рейстен алынып, жөндеуге жіберілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу