Астанада екі көше жөндеу жұмысына байланысты жабылады

340

Бұл туралы елорда әкімдігі хабарлады. 

Астанада екі көше жөндеу жұмысына байланысты жабылады Фото: Tengrinews

Астана қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Тұран даңғылы бойынша Қорғалжын тас жолынан бастап "Тұлпар" көпіріне дейінгі учаскеде осы жылдың 15-25 маусым аралығында және Бөгенбай батыр даңғылынан бастап Абай даңғылына дейінгі учаскеде ағымдағы жылдың 15-22 маусым аралығында жол төсеміне орташа жөндеу жүргізілетінін мәлімдейді.

Осыған байланысты жоғарыда аталған учаскелерде автокөлік құралдары үшін қозғалыс ішінара жабылатын болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу