Астанада екінші ауысымдағы оқушылар мен колледж студенттері қашықтан оқиды

538

Шаһарда күн райы күрт суытты. 

Астанада екінші ауысымдағы оқушылар мен колледж студенттері қашықтан оқиды Фото: kazlenta.kz

Елордада екінші ауысымның оқушылары мен колледж студенттері қашықтан оқиды, деп жазады inbusiness.kz қалалық білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2023 жылғы 9 қаңтарда ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-11(12) сынып оқушылары, колледждерде 1-2 курс студенттері қашықтан оқыту форматына ауыстырылды", - деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, осыған дейін  Қазақстанның бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты бірінші ауысымның оқушылары онлайн оқитынын жазған болатынбыз.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу