Астанада электр энергиясы мен сұйытылған газ тарифтері өзгермейді

868

Астанада электр энергиясы мен сұйытылған газ тарифтері өзгермейді

2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап Астанада электр энергиясы мен сұйытылған газ тарифтері өзгермейді. Бұл туралы қалалық кәсіпкерлер палатасы мемлекеттік баға реттеуден монополияға қарсы реттеуге көшу бойынша ұйымдастырған баспасөз мәслихатында ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы Болат Танаберген мәлім етті.

Астана әкімдігінің баспасөз қызметінің айтуынша, реттелетін нарықтарда баға реттеуді алып тастау нарық субъектілері көрсететін қызметтердің бағасын объективті емес қымбаттауына немесе әлеуметтік алаңдаушылыққа алып келуі мүмкін. Осыған байланысты Ұлттық экономика министрлігі талдау жүргізді, оның қорытындысы бойынша қоғамдық маңызды нарықтардың тізімі жасалды, онда бағаларды мемлекеттік реттеуден ауысу кезең-кезеңмен жүргізіледі. 

"Қазіргі уақытта департамент 18 қызмет бойынша 12 нарық субъектісінің бағаларын реттеп отыр. 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Департаменті электр энергиясын "Астанаэнергосбыт" АҚ арқылы бөлшек саудада өткізу және "Астана қалалық Орталық газбен қамту" ЖШС газ-реттегіш қондырғылары арқылы бөлшек саудада өткізудің баға реттеуін жалғастырады. Нарықтың аталған субъектілері бойынша жаңа жылдан бастап баға бұрынғы деңгейде қалады", – деп атап көрсетті Болат Танабергенов.

Қалған субъектілер монополияға қарсы реттеуге көшеді. Оның атап көрсетуінше, бағалар күрт көтерілген жағдайда, ал бұл субъектілердің қызметінде бәсекелестік саласындағы заңнаманы бұзғанын көрсетеді, онда монополияға қарсы орган айыппұл санкцияларын қабылдауға құқылы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу