Астанада ер адам сауда орнынан түн ішінде 30 қарбыз бен 15 қауын ұрлаған

189

Оқиға Өндіріс көшесінде болған.  

Астанада ер адам сауда орнынан түн ішінде 30 қарбыз бен 15 қауын ұрлаған Фото: Видеодан скриншот/polisia.kz

Түнгі ұрлық бейнебақылау камерасына түскен, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сауда иесі жұмыс соңында сатылмай қалған жемістерді жинап, үстін жауып, келесі күнге қалдырған. Алайда таңертең келгенде өнімдердің жоғалғанын байқап, полицияға хабарласқан.

Құқық қорғау органдары күдіктіні бейнебақылау камералары арқылы анықтады. Бөтеннің затын ұрлаған 47 жастағы ер адам болып шықты.

Қазір аталған дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу