Астанада ер адам танысының қымбат көлігін өртеп жіберген

435

Күдікті ер адам ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Астанада ер адам танысының қымбат көлігін өртеп жіберген

Астанада ер адам танысының қымбат көлігін өртеп жіберген, деп хабарлайды Inbusiness.kz  Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Таңертең сағат 05.50-де полицияға Hyundai Tucson автокөлігінің өртенгені туралы хабарлама келіп түсті. Көлік Күйші Дина көшесіндегі тұрғын үйдің ауласында болған.

Шақыру бойынша келген полицейлер 42 жастағы ер адамды көліктің жанынан ұстады. Ол мас күйінде жек көретін танысының көлігін өртеп жібергені анықталды. Қолайлы сәтті күткен ер адам түнде таныс әйелдің ауласына келіп, көлікке бензин шашып, оны өртеп жіберген.

Жәбірленушіге 19 млн теңге көлемінде шығын келді. Оқиға орнына келген өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері өртті өшірді.

Бөтеннің мүлкіне қасақана зақым келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу