Астананың Сарайшық ауданында жеңіл автокөлік Есіл өзенінің арнасына түсіп кеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оған көліктің электрондық жүйесіндегі ақау себеп болған.
Көлік ішінде жүргізуші мен жолаушы болған. Олар өздігінен сыртқа шыққан. Автокөлікті судан шығару үшін құтқарушылардың көмегіне жүгінген.
Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел-құтқару жасағының мамандары келді. Сүңгуірлер судағы жағдайды тексеріп, кранның көмегімен көлікті өзеннен алып шықты.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Көлік иесі құтқарушыларға жедел көмегі үшін алғысын білдірді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу