Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның мәйіті табылды. Полиция марқұмның жеке басын анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Астана қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. Тәртіп сақшылары марқұмның 54 жастағы елорда тұрғыны екенін анықтады.
"Зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы тергеу барысында анықталады", – деп хабарлады Астана қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу