Астанада есірткі таратқан ұйымдасқан топ мүшелері сотталды

189

​Астанада есірткіні заңсыз сақтап, тасымалдап және таратқан ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Астанада есірткі таратқан ұйымдасқан топ мүшелері сотталды Фото: yenisafak.com

Полиция қызметкерлері бір жылға жуық уақыт жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында интернет-дүкен арқылы есірткі сатумен айналысқан топтың жолын кесті.

Тергеу нәтижесінде қылмыстық схемаға қатысы бар алты адам анықталды. Олардың арасында интернет-дүкенді ұйымдастырушы, есірткіні сақтаған адамдар, курьерлер және заңсыз жолмен алынған қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыруға көмектескен тұлғалар болған.

Ұстау операциялары кезінде полиция есірткінің ірі көлемдегі партияларын тәркіледі. Тергеу барысында күдіктілердің әрқайсысының ұйымдасқан қылмыстық әрекеттегі рөлі дәлелденді.

Сот шешімімен барлық айыпталушы кінәлі деп танылып, оларға 15 жылдан 17 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу