Астанада есірткі жарнамасын таратқан әйел сотталды

108

Астанада 28 жастағы әйел есірткі құралдары мен психотроптық заттарды, олардың аналогтары мен прекурсорларын жарнамалаумен айналысқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Астанада есірткі жарнамасын таратқан әйел сотталды Фото: Бейнежазбадан

Бас прокуратура мәліметінше, ол қаладағы көпшілік пайдаланатын орындарға: көше бағандарына, жол белгілеріне, сыртқы кондиционерлерге, кіреберіс есіктеріне, шлагбаумдарға және басқа да көзге көрінетін жерлерге QR-коды бар стикерлерді жапсырған. Фотосалоннан тыйым салынған заттар сатылатын интернет-платформаға апаратын әрқайсысында 4 QR-код жасырылған 116 стикер басып шығарған.

Аталған заңсыз әрекеттерді полиция қызметкерлері қала бойынша орналастырылған бейнебақылау камералары арқылы анықталды.

Мемлекеттік айыптаушы сотқа оның кінәсін дәлелдейтін жеткілікті айғақтар ұсынды.

Сот үкімімен оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енді.

Қала прокуратурасы есірткі құралдарын, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау мүлкі тәркіленіп, алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу