Астанада футбол жанкүйерлері одақ болып бірігеді

223

Ұйымның басты мақсаты – еліміздің ұлттық құрамасын қолдау.

Астанада футбол жанкүйерлері одақ болып бірігеді Фото: Астана әкімдігі

Елордада спорт белсенділері Қазақстанның жанкүйерлер одағы болып бірігу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ұйымның басты мақсаты – еліміздің ұлттық құрамасын қолдау. Бүгін, 17 қарашада футболдан Еуропа-2024 чемпионатының іріктеу кезеңінің матчына жиналған спорт сүйер қауым Қазақстан жанкүйерлер одағы болып бірігу туралы шешім қабылдады. Олар – спортшылар, еріктілер, елорданың белсенді тұрғындары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері.

"Қазір футболдан ұлттық құрамамызға отандастарымыздың қолдауы қажет. Идея көптен бері бар болатын. Біз спорттық іс-шаралардағы мәдениеттің сақталуын қолдаймыз. Сол сияқты футбол ғана емес, спорттың кез келген түрі бойынша біріккіміз келеді.

Сондай-ақ, жанкүйерлер кодексін қабылдау жоспарланып отыр, онда стадиондардағы тәртіптің негізгі нормалары мен этикасы жазылады. Матч өткізілетін орындар жұртшылық үшін қауіпсіз болуы тиіс", - деді Қазақстанның жанкүйерлер одағын құрудың бас бастамашысы Әзиз Оразбаев.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада футболдан -2024 чемпионатының іріктеу кезеңінің матчы өтіп жатыр, онда Қазақстан құрамасы Сан-Марино командасын қабылдады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу