Астанада газ қазандығын салуға 5 млрд теңге бөлінеді

569

Жобаның жалпы құны – 39,26 млрд теңге.  

Астанада газ қазандығын салуға 5 млрд теңге бөлінеді Фото: astana-akshamy.kz

Елордада газ қазандығын салуға келесі жылы республикалық бюджеттен 5 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр. Бұл туралы электрондық үкімет платформасындағы "Елді мекендерді газдандыру" интернет-конференциясы барысында Энергетика министрлігінің inbusiness.kz сұрағына берген жауабында айтылған.

"2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру шеңберінде Қазақстан Республикасының Парламенті 2023 жылы 5 млрд теңгеге "Нұр-Сұлтан қаласындағы Оңтүстік-шығыс аудандық газ қазандығының құрылысы" (алаңнан тыс инженерлік желілерсіз) жобаны қаржыландыруға қолдау көрсетті. Астана қаласы әкімдігінің ақпаратына сәйкес, жобалық-сметалық құжаттамаға мемлекеттік сараптама қорытындысына сәйкес жобаның жалпы құны 39,26 млрд теңгені құрайды, мердігер ұйыммен жасалған шартқа сәйкес – 38,3 млрд теңге. Қалған 2 қазандық бойынша республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру үшін бюджеттік өтінімдер министрлікке түспеген", - делінген хабарламада.

Осыған дейін Алтай Көлгінов бас қаладағы газ қазандығының құрылыс жұмыстарына тоқталған болатын.

"Елордада үш газ қазандығының құрылысы қатар жүріп жатыр. Газ қазандықтарының қуаты ЖЭО-3-тен үш есе асып түседі. Тиісінше қазіргі тапшылықтың орнын толтыруға да, құрылыс жұмыстары жүретін жаңа аудандарды жылумен қамтуға да мүмкіндік береді", - деп жазды қала басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу