Астанада гүл сататын дүңгіршекке шабуыл жасалды

454

Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Астанада гүл сататын дүңгіршекке  шабуыл жасалды

Жәбірленушінің айтуынша, сағат 23.40-та дүңгіршекке ер адам кіріп, ақшаны әкел деп сатушыға пышақ көрсеткен, деп жазады inbusiness.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Сонан соң үстелден кілттерді алып, есікті құлыптап, жарықты сөндірген. Осы уақытта әйел дабыл түймесін басып үлгереді.

Ер адам оны иығынан пышақпен жарақаттап, 20 мыңнан астам теңгені алып, “ізін суытқан”. Күдіктіні ұстауға дереу полицияның жеке құрамы бағытталды.

Белгілері бойынша қылмыскердің фотосы жасалды. Қылмыстың куәгерлерін анықтау үшін аулаларды аралау жүзеге асырылды. Полиция қызметкерлері қылмыс орнының периметрі бойынша орнатылған бейнекамералар арқылы қылмыскердің ізіне түсті. Жедел уәкілдердің қажырлы жұмысы сәтті аяқталып, күдікті тұрғылықты жері бойынша ұсталды. Ол 25 жастағы қала тұрғыны болып шықты.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу