Астанада халықаралық ASTEX Astana Smart City 2016 форумы басталды

794

Астанада халықаралық ASTEX Astana Smart City 2016 форумы басталды

Елордада халықаралық ASTEX Astana Smart City 2016 форумы басталды, деп хабарлайды 24 Хабар.

Ақылды қала жүйесін жетік меңгерген мамандардың басы бір алаңда қосылды. Адамзат ең алғаш телефонды ойлап тапқалы 1,5 ғасыр уақыт артта қалыпты. Содан бері технология түрленбесе, бұл сала кенжелеген емес. Қазір smart city, яғни ақылды қала ұғымы әлемде кең тараған. Астана да бұл көштен қалыспай, осы үрдіске қосылып, инновацияның диірменін айналдырғанына біршама жыл болды. Бүгінгі елорда төрінде шымылдығын түрген халықаралық шара сол еңбектің жемісі болар. Астанаға осы саланың жілігін шағып, майын ішкен мамандардың басы қосылды. Шаһар өмірін оңтайландыру бойынша өз ойларын ортаға салып, пікір тыңдауға жиналды. ASTEX Astana Smart City 2016 форумы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мен әкімдіктің мұрындық болуымен ұйымдастырылып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу