Астанада хоккей ойыны кезінде "Жаңа Конституция үшін" деген жазуы бар ту ашылды

120

"Барыс" хоккей клубының матчы кезінде Конституциялық реформаларды қолдауға арналған ерекше акция өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Астанада хоккей ойыны кезінде "Жаңа Конституция үшін" деген жазуы бар ту ашылды Фото: Астана қаласының әкімдігі

Астанада "Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!" жалпыұлттық коалициясының мүшелері хоккей клубын қолдау және елдегі Конституциялық реформаларды қолдау мақсатында қоғамдық акцияға қатысты.

Іс-шара аясында трибуналарда бірлік, патриотизм және ұлттық спортты қолдау үшін көлемі 12×24 метр болатын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы жайылды.

Сонымен қатар, қатысушылар конституциялық реформаларды қолдауға арналған арнайы тақырыптағы перформанс ұйымдастырды. Азаматтық ынтымақтастық пен жаңару бағытында адалдықтың белгісі ретінде "Жаңа Конституция үшін" деген жазуы бар ту ашылды.

Акция қоғамдық диалогтың маңызын, стратегиялық өзгерістер төңірегінде азаматтардың топтасуын, сондай-ақ жауапкершілік пен бірлік сияқты құндылықтарды дамытудың өзектілігін көрсетті.

Іс-шара барысында жанкүйерлер, қоғам белсенділері мен қала тұрғындары бір арнаға тоғысып, өзара қолдау мен ынтымақты, сондай-ақ мемлекеттік рәміздерге деген айрықша құрметті айқын көрсетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу