Астанада хостелдерде өрт қауіпсіздігіне қатысты рейд жүргізілді

230

Мамандар хостелдерде жиі кездесетін қауіпсіздік талаптарының бұзылуына назар аударды.  

Астанада хостелдерде өрт қауіпсіздігіне қатысты рейд жүргізілді Фото: gov.kz

Елордадағы хостелдерде өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын күшейту мақсатында Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері хостел иелері және тұрғындарымен профилактикалық түсіндіру жұмысын жүргізіп, тексеріс өткізді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Тексеру барысында төтенше жағдай туындаған жағдайда эвакуациялау ережелеріне тоқталды.

"Ең жиі кездесетін заңбұзушылықтың бірі – эвакуация жолдарының жанғыш материалдармен тарылтылуы. Атап айтқанда, линолеум, түрлі төсеніштер және басқа да жанғыш материалдар эвакуация жолдарына төселеді. Сонымен қатар, қысқа тұйықталуға себеп болатын ақаулы электр құралын пайдалану да жиі кездеседі.

Сондай-ақ алкогольдік ішімдік ішу, белгіленбеген орындарда темекі шегу сияқты өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу фактілері анықталады. Адамдардың қаза болуы, өрттің тұтануы және өрт оқиғаларының алдын алу мақсатында біз хостел иелерімен, кәсіпкерлік субъектілерімен және онда тұратын тұрғындармен тұрақты түрде профилактикалық-түсіндіру жұмысын жүргіземіз", – деді ТЖД Мемлекеттік өрт бақылауы басқармасының инженері, аға лейтенант Ерназар Қаршыға.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу