Астанада иісшіл ит автокөліктен есірткі тауып алды

77

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Астанада иісшіл ит автокөліктен есірткі тауып алды Фото: polisia.kz

"Қарасора – 2025" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері есірткі қылмысын әшкереледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Күйгенжар" бекетінде полицейлер BMW көлігін тоқтатты. Тексеру кезінде иісшіл ит Байкал көлік салонында тыйым салынған зат бар екенін сезіп, белгі берді. 

– Иттің қырағылығының арқасында полицейлер автокөліктен есірткіге ұқсас зат – гашишті тәркіледі. Оқиға орнында 33 жастағы азамат есірткі заттарын сақтау фактісі бойынша ұсталды, – делінген хабарламада. 

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Астана қаласы полиция департаментінің кинологиялық қызмет орталығында қазіргі таңда 50-ден астам қызметтік ит бар. Олардың басым бөлігі есірткі мен жарылғыш заттарды іздеуге, із кесуге және қылмыс іздерін анықтауға бейімделген.

Байкал есімді ит – ротвейлер тұқымына жатады. Ол 4 жылдан бері полиция қатарында. Негізгі міндеті – есірткі заттарын іздеу. Байкал иіс сезуді ойын тәсілі арқылы үйренген және ол бүгінге дейін бірнеше қылмыстың ашылуына үлес қосқан.

Полиция азаматтарды заңсыз есірткі айналымына қарсы күреске бейжай қарамауға, күдікті деректер туралы дереу полицияға хабарлауға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу