Астанада ірі жол апаты болып, әйел қаза тапты

470

Жол апаты Мұхамедханов пен Омаров көшелерінің қиылысында болған.  

Астанада ірі жол апаты болып, әйел қаза тапты Фото: instagram/astana_brothers

Астанада автобус, жүк көлігі және жол талғамайтын көлік соқтығысып, ірі жол апаты болды. Оқиға орнында бір әйел көз жұмды.

Астана Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты Мұхамедханов пен Омаров көшелерінің қиылысында болған.

"Мұхамедханов-Омаров қиылысында жүк көлігі, жолаушылар автобусы және Toyota Prado көлігі соқтығысқан жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр", - деп хабарлады қалалық полиция департаменті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу