Дрондар көбіне іздестіру қиын немесе адам аяғы жетпейтін орындарда қолданылады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Атап айтқанда, су айдындарында, қамыс қалың өскен аумақтарда, орман белдеулерінде, батпақты жерлерде, сондай-ақ қалалық бейнебақылау жүйесі қамтымаған аумақтарда пайдаланылады. Әуеден шолу жасау арқылы полиция қызметкерлері кең аумақтарды жедел қарап шығып, іздеу бағытын анықтайды.
Жыл басынан бері азаматтардың із-түзсіз жоғалуына қатысты 3 мыңнан астам өтініш түскен. Олардың қатарында кәмелетке толмағандар да, ересектер де, оның ішінде егде жастағы азаматтар да бар. Сондай-ақ балық аулауға немесе серуендеуге шығып, түрлі себептермен байланысқа шықпай қалған азаматтарға қатысты жағдайлар да жиі кездеседі.
Осындай жағдайларда дрондарды пайдалану іздестіру жұмыстарын едәуір жеделдетуге, аумақтарды тексеруге кететін уақытты қысқартуға және жетуі қиын жерлердегі іздеу жұмыстарының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.