Астанада қала ішінде жылқы мінген блогерге айыппұл салынды

440

35 жастағы ер адам көлік жолы мен жаяу жүргіншілерге арналған тротуарда атпен жүріп, тұрғындарға кедергі келтірген.  

Астанада қала ішінде жылқы мінген блогерге айыппұл салынды Фото: Видеодан скриншот

Астана тұрғыны жарнамалық видео түсіру үшін елорда көшелерінде атпен серуендегеннен кейін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бәйтерек" монументі орналасқан ауданға бара жатқанда, ер адам жолай қиылыстардың бірінде жануар тротуарды ластап, жасыл желектерді таптаған. Бұл әрекеттер абаттандыру саласындағы заң талаптарын бұзды. Осы екі жағдай бойынша ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлады Астана қаласы полиция департаментінің өкілдері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу