Астанада қалааралық автобустар қатынайтын 2 жаңа автовокзал іске қосылады

822

Астанада қалааралық автобустар қатынайтын 2 жаңа автовокзал іске қосылады

Астана қаласының әкімдігінде қалааралық бағдарлар схемасын өзгерту және "Алай-Astra" мен "КенМарт- Astra" (автобекеттер) көлік орталықтарының жұмысы мәселелері бойынша баспасөз конференциясы өтті, деп хабарланды қала әкімінің ресми сайтында

Елорданың көлік кешенін жаңарту мақсатында "Алай-Astra" және "КенМарт-Astra" жолаушыларды қалааралықлық тасымалдаудың екі көлік орталығы ашылды. "Алай-Astra" және "КенМарт-Astra" көлік орталықтарының аумағы жолаушыларды мінгізіп түсіру аймақтарымен, билет кассаларымен, күту залдарымен, сақтау камераларымен жабдықталған. 800 тұрақ орнын ескерген ыңғайлы орынтұрақ кеңістігі ұйымдастырылған.

Жаңа "Алай-Astra" және "КенМарт-Astra" көлік орталықтарын пайдалану көше-жол желісіне түсетін жүктемені және "Астана" темір жол вокзалы мен "Сапаржай" автовокзалы жанындағы көлік кептелістерінің санын азайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ "Сапаржай" автовокзалында және жаңа "Алай-Astra" және "КенМарт-Astra" көлік орталықтарында бар ағымдарды үлестіру арқылы қалааралық бағдарлардың бағыттарын шектеу елорда тұрғындары мен қонақтары ТЖ вокзалы аймағынан қалалық бағдарлар бойынша орын ауыстыруға жұмсайтын уақытты қысқартуға мүмкіндік береді.

Қалааралық бағдарлар жүрісінің жаңа схемасы қала орталығына кірмей, айналма жолдары бойынша өтетін болады. "Алай-Astra" көлік орталығы С 316 көшесі, 5 (Астана қ. Орталық базарынан кейін) және "КенМарт- Astra" көлік орталығы Астана-Қарағанды тас жолы, 45-ғимарат мекенжайы бойынша орналасқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу