Астанада кальян тұтынғандар 17 млн теңгеден астам айыппұл төледі

108

Астанада қоғамдық қауіпсіздікті нығайту және "Заң мен тәртіп" қағидатын іске асыру мақсатында Сарыарқа ауданының аппараты полиция басқармасымен бірлесіп ойын-сауық орындарында рейдтік шаралар өткізді. 

Астанада кальян тұтынғандар 17 млн теңгеден астам айыппұл төледі Фото: Астана әкімдігі

Рейдтің басты міндеті қоғамдық орындарда кальян мен өзге де темекі өнімдерін тұтынуға қатысты заңбұзушылықтарды анықтап, жолын кесу, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабына сәйкес, заңмен белгіленген орындарда темекі өнімдерін, оның ішінде қыздырылатын темекіні, кальян қоспаларын, электрондық тұтыну жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды пайдалануға қатаң тыйым салынады.

Жыл басынан бері Сарыарқа ауданында аталған талапты бұзғаны үшін 435 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу