Астанада қар күреу жұмысына 3 мыңға жуық жол жұмысшысы жұмылдырылды

80

Астанадан өткен түні 60-қа жуық жүк көлігі көлемінде қар шығарылды. 

Астанада қар күреу жұмысына 3 мыңға жуық жол жұмысшысы жұмылдырылды Фото: Астана қаласының әкімдігі

Қаланың коммуналдық қызметтері қар күреу мен көктайғақты болдырмау жұмысын күшейтілген әрі үздіксіз режимде жүргізіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

5 қарашаға қараған түні елорда аумағынан 686 текше метр қар арнайы қар полигондарына жеткізілді. Бұл шамамен 60 ауыр жүк көлігінің көлеміне тең.

5 қараша таңынан бастап қала бойынша қар мен мұзды тазалау жұмысына 2 700-ден астам жол жұмысшысы мен 810 арнайы техника шықты.

Ең алдымен негізгі көше магистральдары мен қоғамдық көлік бағыттары тазартылады. Осыдан кейін тазалау жұмысы қозғалыс қарқыны орташа учаскелерде – аулаларда, алаңдарда, тротуарлар мен аялдамаларда жүргізіледі.

Астана әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздік ережелерін сақтауға, жолдар мен жаяу жүргінші жолдарында мейлінше сақ болуға, сондай-ақ ауа райы қолайсыз жағдайда алыс жолға шықпауға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу