Астанада қарақұмық жеткізушілер көтерме бағаны сыбайласа отырып көтергені белгілі болды

910

Астанада қарақұмық жеткізушілер көтерме бағаны сыбайласа отырып көтергені белгілі болды

Астана қаласының монополияны реттеу және бәсекелестікті қорғау департаменті Астана қаласы аумағында қарақұм жармасының көтерме саудасына талдау жұмысын жүргізілді. Талдау қорытындысы нәтижесінде қарақұм жармасының бағасы нарық субъектілеріне көтерме саудада жоғарылатылғаны анықталды, деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі.

"Қазіргі таңда, Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысына сәйкес "Астык Логистик" ЖШС, "Ай-Пак" ЖШС, "Дива" ЖШС, "Мир Круп" ЖШС, "Кулатаева Р.С" ЖК ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 159 б. 2 т. көрсетілген құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды және монополиялық кіріс тәркiлене отырып, монополистiк қызметтi жүзеге асыру нәтижесiнде алынған кірістің (түсiмнiң)  үш пайызы мөлшерiнде айыппұл салынды", – делінген таратылған ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу