Астанада кәріз коллекторы толып кетті

515

Қазір 20-дан астам арнайы техника жұмыс істеп жатыр.  

Астанада кәріз коллекторы толып кетті Фото: бейнеден скриншот

Жеке құрылыс салушылар мен біршама үйлердің орталық жүйелерге заңсыз қосылуынан Тұран даңғылындағы кәріз коллекторының жұмысына шамадан тыс жүктеме беріліп, салдарынан кәріз коллекторы толып кетті. Соның ішінде, кәрізге тасталынатын тұрмыстық заттар, құрылыс материалдары және т.б. қоқыс түрлері сорғы жүйесі мен тазарту қондырғылары жұмысының бұзылуына әкеп соқтырды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Аталған нысан 16 жыл бұрын салынған. Қазір оқиға орнында Тұран және Ұлы дала даңғылдарының қиылысында 20-дан астам арнайы техника жұмыс істеп жатыр. Жағдай бақылауда.

Бұдан бөлек, бұған дейін әкімдік Тұран даңғылында тағы бір магистральдық кәріз коллекторының құрылысын бастаған болатын. Оның ұзындығы қолданыстағы коллектордың ұзындығынан үлкенірек, яғни 8 км құрайды. Аталған магистральдық кәріз коллекторы құрылысының аяқталуы ағымдағы жылдың күзіне жоспарланған. Қазіргі таңда жұмыстың жартысы аяқталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу