Астанада кәсіпкерден "қамқорлық" үшін 300 мың теңге талап еткен

358

Күдікті өзін фискалдық органдардың қызметкері ретінде таныстырған.

Астанада кәсіпкерден "қамқорлық" үшін 300 мың теңге талап еткен Фото: inbusiness.kz

ҚМА Ішкі қауіпсіздік департаменті елордалық экономикалық тергеп-тексеру департаментімен бірлесіп өзін фискалдық органдардың қызметкері ретінде таныстырып, кәсіпкерлерді ойдан шығарылған қамқорлық үшін заңсыз сыйақы беруге мәжбүрлеген азаматты ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жүргізіліп жатқан тергеу материалдарына сәйкес, аталған азамат кәсіпкерден моральдық қысым көрсетіп, 300 мың теңге ақша талап еткен. 

Бұл жайт мессенджердегі хабарлама және аудиожазбалармен расталады. 

Жалған қызметкер қажетті соманың екінші жартысын алу кезінде парамен ұсталды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. 

ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды. 

"Құрметті кәсіпкерлер! Өздерін фискалдық және басқа органдардың қызметкерлері деп таныстырған азаматтардың заңсыз сыйақы талап етіп, қысым көрсету фактілеріне тап болсаңыз, ҚМА call-орталығына 1458 телефоны арқылы дереу хабарласуыңызды сұраймыз", делінген ҚМА хабарламасында.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу