QAZAQ promotions промоутерлік компаниясының ұйымдастыруымен өтетін турнирде Айдар Шарыбаев, Асхат Уалиханов, Абылайхан Құсайынов, Елшат Нығыметоллаұлы және Руслан Мырсатаев шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды kaztrk.kz.
Брифинг барысында сөз алған Қанат Ислам Astana Arlans турнирі барысында кәсіпқой бокс кешінің негізгі мақсатына тоқталды.
"Мұндағы мақсат - Қазақстанда кәсіпқой боксты дамыту. Америка елдерінде кәсіпқой бокс жақсы дамыған, ал бізде әуесқойда ел біріншілігіне екі жүздей бала қатысады. Оның жиырма шақтысы құрамаға ілігеді, біреуі ғана Олимпиадаға барады, ал қалғаны бос. Чемпионатқа қатыспағандары қаншама. Бізде әр облыста бес-алты мың бала боксқа барады ғой. Ең бастысы, қазақтың жігіттеріне кәсіпқой боксқа жол ашу", – деді Қанат Ислам.