Астанада Қазақстан машина жасаушыларының отырысы өтті

710

Астанада Қазақстан машина жасаушыларының отырысы өтті

Астанада президент Нұрсұлтан Назарбаевтың "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" жолдауы аясында Мейрам Пішембаевтың төрағалығымен "Қазақстан машина жасаушыларының одағы" ЗТБ үйлестіру кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды үкімет басшысының баспасөз қызметі.

Отырыста Қазақстанның машина жасау саласын одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

Нақтырақ айтсақ, жаңғыртудың алдағы үдерістерін жүзеге асыру, технологиялық қайта жарақтандыру, отандық машина жасаушы компаниялардың экспортқа бағдарланғанын арттыру мәселелері қозғалды.

Төртінші өнеркәсіптік төңкеріс, роботтандыру, автоматтандыру, аддитивті технологиялар, жасанды интеллект саласындағы соңғы әлемдік трендтерді ескере отырып, отырыс қатысушылары саланы дамытудың әрі қарайғы бағыты жөнінде нақты шоғырландыру ұсынысын әзірледі.

Отырыста үйлестіру кеңесінің төрағасы ретінде инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек бірауыздан сайланды.

Отырыс барысында 2017-2018 жылдарға арналған Үйлестіру кеңесінің жұмыс жоспары бекітілді, сонымен қатар Астанада 2017 жылдың 20-21 қыркүйегінде өтетін Қазақстан машина жасаушыларының V мерейтойлық форумының мәселелері талқыланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу