Астанада Қазақстан мен Иранның инвестициялық ынтымақтастығы талқылануда

897

Астанада Қазақстан мен Иранның инвестициялық ынтымақтастығы талқылануда

Астанада Қазақстан-Иран бизнес форумы аясындағы Қазақстан мен Иран Іскерлік кеңесінің үшінші отырысы өтуде, деп хабарлады "Бәйтерек" ҰБХ.

Отырыс Қазақстан-Иран бизнес-форумы шеңберінде өтуде. Отырыс жұмысын ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек пен ИИР Президенті әкімшілігінің басшысы Мохаммад Нахавандиан ашты.

Отырыс барысында Тараптар  Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту, оның ішінде  инвестициялық жобаларды бірлесіп ілгерлету қажеттілігі мен сауда операциялар бойынша өзара есеп айырысуды жүзеге асырудың тиімді тетігін табудың маңызды мәселелерін талқылайды.

"Бәйтерек" холдингі негізгі мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың операторы ретінде  екі тарап кәсіпкерлеріне барынша қолдау көрсетуге дайын. Холдинг және оның еншілес компаниялары  қаржыландыруды тарту, жобаларды құрылымдау, кәсіпкерлерге экспорттық және техникалық қолдау көрсету бойынша  қызметтер топтамасын ұсынады",- деді жиын барысында "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Басқарма Төрағасы Ерболат Досаев.

Бірінші кезекте бірлескен ірі индустриялық және инфрақұрылымдық  жобаларды іске асыру үшін Холдингтің еншілес ұйымы "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ арқылы ұзақ мерзімді борыштық қаржыландыруы туралы айтуға болады. Шағын және орта кәсіпорындар қаржыландыру құралдарының кең спектрі мен кәсіпкерлердің құзыреттіліктерін дамыту жөніндегі бағдарламалар арқылы Холдингтің тағы бір еншілес ұйымы "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ қолдауына ие болады.

"Екі жақты ынтымақтастықты тереңдету мақсатында біз Иран даму институттарымен серіктестікті белсенді дамытудамыз. Осы жылдың сәуір айында  Тегеран қаласында біз Ұлттық даму қорымен ынтымақтастық туралы меморандум жасастық, ол  ұзақ мерзімді ынтымақтастық үшін іргетас салып және бірлескен жобаларды дамытуға жаңа серпін береді деп сенеміз",– деді Ерболат Досаев.

 Отырысы барысында бірқатар екі тараптық келісімдерге қол қойылуы, сондай-ақ жасалған келісімшарттар бойынша келіссөздер өтеді деп күтілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу