Астанада "Қазақстандық қамту 2.0" бірінші халықаралық форумы өтеді

360

Қазақстан тарихында тұңғыш рет жер қойнауын пайдаланушылар бір алаңда кездеседі.

Астанада "Қазақстандық қамту 2.0" бірінші халықаралық форумы өтеді Фото: Inbusiness.kz

Мұнда елішілік құндылықты дамыту бойынша жаңа тәсілдерді ұсынады. Халықаралық инвесторлар мен сарапшылар таукен-металлургия кешеніндегі қазақстандық қамту үлесін арттыру жөніндегі пәрменді шешімдерді әзірлеу тәжірибесімен бөліседі, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Елішілік құндылықты дамыту бойынша жаңа тәсілдер, отандық тауарлар, жұмыстар, қызметтер өндірісін оқшаулау, отандық кәсіпорындардың бірыңғай тізілімі, тауардың шығу тегін сертификаттауды және өндірістік қуаттарды растауды жетілдіру, осы және басқа да мәселелерді сала сарапшылары Қазақстанда алғаш рет өтетін алдағы форум шеңберінде талқылауды жоспарлап отыр. Ауқымды іс-шараны ұйымдастырушылар - "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы, өнеркәсіп және құрылыс министрлігі. Негізгі серіктестер - "Қазақмыс", "Казцинк", "Еуразиялық Топ" және "KAZ Minerals"компаниялар тобының өкілдері қатысады.

"16 қарашада "ҚазҮлес 2.0" бірінші халықаралық форумы өтеді. Қазақстан тарихында тұңғыш рет жер қойнауын пайдаланушылар бір алаңда кездеседі. Оған қатысатын ERG, "Қазақмыс", "Қазминералс" компаниялары сатып алу шараларын ішкі нарыққа бағыттап, отандық өнім өндірушілермен әріптестік орантуға әзір. Мемлекет басшысы Жолдауында жергілікті тауарлармен қамту үлесін ұлғайтуға тапсырма берген еді. Бұл форум соны жүзеге асырудың әдісі", - дейді "Атамекен"ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Амрин.

Форум алаңында  жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуы бойынша жаңа цифрлық аналитикалық алаңның таныстырылымы өтеді.  Бұл жүйе Тау кен металлургия кешеніндегі сұраныстарға мониторинг жүргізуге және тау-кен секторының қажеттіліктеріне өнім шығаруға дайын отандық өндірушілерді іздеуге мүмкіндік береді. Ұсынылған механизм жұмысының алғашқы нәтижелері форумда айтылады.

"Ақпараттық электрондық жүйенің таныстырылымы өтеді. Бұл платформада  тұтынушы, өндіруші, жалпы Қазақстанның кез келген бизнесі жер қойнауын пайдаланушылар жариялаған сатып алу байқауларына қатыса алады және қандай да бір өнімге сұраныс бар екенін көре алады. Жер қойнауын пайдаланушының өзі де Қазақстанда қандай өнім өндірілетінін көреді. Қазіргі уақытта мұндай автоматтандырылған жүйе жоқ", - дейді "Атамекен"ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Амрин.

Сондай-ақ 16 қарашадағы форумда отандық тауар өндірушілердің, жеткізіп берушілер мен қызмет көрсету саласының көрмесі өтеді.

Форумның салтанатты бөлігінде жер қойнауын пайдаланушылар мен отандық тауар өндірушілер өкілдері арасында тауарларды жеткізу жөніндегі шарттар мен меморандумдарға қол қою рәсімін өткізу жоспарлануда. Елішілік құндылықты дамыту мәселелерінің жоғары саяси басымдығын ескере отырып, форумға Премьер-Министр Әлихан Смайылов пен салалық министрліктердің басшылары қатысады. Сонымен қатар, 2 мыңға жуық делегат қатысады деп күтілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу