Астанада кеміргіштермен күрес басталады

147

Кеміргіштерді жою жөніндегі іс-шаралар жеке секторды және ашық аумақтарды (саябақтар, зираттар, өзендер, су қоймалары мен каналдар) қамтитын болады. 

Астанада кеміргіштермен күрес басталады Фото: gov.kz

Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы елордада көктемгі дератизация жұмысын өткізуді бастайды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жеке сектор тұрғындары арнайы улы препараттарды тегін алады, сондай-ақ сол жерде қауіпсіздік нұсқаулары өткізіледі. Мамандар тұрғын үйлерді 3 тур арқылы өңдейді, яғни дезинфекторлар жеке секторларға 3 рет кіреді. 28 мыңнан астам тұрғын үйді өңдеу жоспарланып отыр. Үй иелері сақтық шаралары туралы ұмытпау керек және улы препараттарды балалардың қолы жетпейтін жерлерде: жертөлелерде немесе үйдің төбесінде сақтау керек.

Сондай-ақ, дератизация ашық алаңдарда жүргізілетін болады. Улы препараттармен өңдеу өзендердің, каналдардың, су айдындарының жағасында, зираттарда, саябақтарда жүргізіледі. Өңделетін ашық аумақтардың ауданы 3264 гектарды құрайды.

Дератизация ҚР-да қолдануға рұқсат етілген құрамында бромадиолон және бродефор препараттарын қамтитын дән түріндегі улы препараттарды пайдалана отырып жүргізіледі. Мұндай шаралар кеміргіштер санын азайту және аса қауіпті жұқпалы аурулардың таралуын болдырмау үшін қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу