Астанада кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі қайда өтеді

168

Келушілерге қолайлы болу үшін жәрмеңке өтетін орынға № 7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307, 317 автобус бағыттары қатынайды.

Астанада кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі қайда өтеді Фото: gov.kz

Астанада 14 және 15 ақпан күндері кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жәрмеңкеде жергілікті фермерлер мен Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөністер мен жемістерді, ет, ұн және сүт өнімдерін, нан-тоқаш өнімдерін, табиғи шырындар, тосаптар мен джемдерді және өзге де тауарларды тиімді бағада сатып ала алады.

Іс-шара 14 және 15 ақпан күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін "Keryen Joly" сауда орталығында (Алаш тас жолы, 35Б) өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу