Астанада кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

171

Іс-шара 2-3 тамыз күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін Алаш тас жолы, 35 мекенжайында орналасқан "KERYEN JOLY" сауда орталығында өтеді.

Астанада кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді Фото: gov.kz

Жәрмеңкеде қала тұрғындары мен қонақтарына Қазақстанның түрлі өңірлерінен жеткізілген жергілікті ауыл шаруашылығы өндірушілері мен шаруа қожалықтарының түрлі азық-түлік өнімдері ұсынылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Келушілерге жаңа піскен көкөністер мен жемістер, сол сияқты ет пен ет өнімдері, сүт өнімдері, нан-тоқаштар, бал, тосап, табиғи шырындар және басқа да тауарлар тиімді бағада сатылады.

Іс-шара 2-3 тамыз күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін Алаш тас жолы, 35 мекенжайында орналасқан "KERYEN JOLY" сауда орталығында өтеді.

Қосымша ретінде дәл осы күндері, 2-3 тамыз аралығында, қала тұрғындарына жақсы таныс келесі алаңдарда демалыс күндерге арналған жәрмеңкелер ұйымдастырылады:
* "Көктал" сауда-ойын-сауық орталығының аумағы (Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 12а);
* Бейбарыс Сұлтан көшесі, 23 мекенжайы ("Рио-де-Жанейро" тұрғын үй кешенінің қарсы бетінде).

Жәрмеңке алаңдары сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істейді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу