Астанада демалыс күндеріне арналған кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Мұнда Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген фермерлер мен өндірушілер өз өнімдерін ұсынды. Сауда сөрелерінде көкөністер мен жеміс-жидектер, ет және ет өнімдері, сүт және ұн өнімдері, жаңа піскен тоқаштар, табиғи шырындар, тосаптар мен джемдер және басқа да тауарлар тиімді бағада сатылып жатыр.
Астана қаласы Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының бас маманы Арна Беріковтің айтуынша, қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері тұрғындарды отандық өндірістің сапалы әрі қолжетімді өнімдерімен қамтамасыз етуге бағытталған.
"Фермерлер мен өндірушілерден тікелей жеткізілімдердің арқасында делдалдық үстемеақылар азайтылады, бұл баға тұрақтылығына оң әсер етеді. Жәрмеңкелерді өткізу жергілікті тауар өндірушілерді қолдауға ықпал етеді және елорданың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кешенді жұмыстың маңызды бөлігі болып саналады", – деді ол.
Жәрмеңкеге келушілердің ыңғайлылығы үшін аталған орынға №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307 және 317 бағыттағы автобустар қатынайды.