Астанада кезекті соғым FEST өтеді

198

Соғым FEST әр демалыс күндері сағат 07:00-ден 17:00-ге дейін өтеді. 

Астанада кезекті соғым FEST өтеді Фото: Астана әкімдігі

Астанада 14-15 желтоқсан күндері Ақмола, Абай және Павлодар облыстарының фермерлері қатысатын кезекті соғым FEST өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Іс-шаралар Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 12а мекенжайындағы "Koktal" СОО тұрағында өтеді. Сондай-ақ сауда ойын-сауық орталығында осы күндері елорда тұрғындарының қалалық ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді. Мұнда Ақмола, Абай, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарынан, яғни Қазақстанның түрлі өңірлерінен жергілікті фермерлер мен өндірушілердің өнімдері ұсынылатын болады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөністер мен жемістерді, ет, ұн және сүт өнімдерін, кондитерлік өнімдерді, табиғи шырындарды, джемдерді және т.б. өнімдерді сатып ала алады.

Айта кетейік, жәрмеңке әр демалыс күндері таңғы сағат 10:00-ден кешкі 22:00-ге дейін жұмыс істейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу