"Залал көлемі – 128 млн теңге": Астанада клиенттерді тақырға отырғызған автосалон директоры сотталды

589

Сотталушының кесірінен 6 адам зардап шегіп, оларға жалпы сомасы 128 млн теңгеден аса материалдық залал келген.  

"Залал көлемі – 128 млн теңге": Астанада клиенттерді тақырға отырғызған автосалон директоры сотталды Фото: AI Atameken Business

Автосалон директоры бір жыл бойы клиенттермен Қытайдан автокөліктерді сатып алу және жеткізу бойынша брондау шарттарын жасасқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сатып алушылардан алынған ақшалай қаражатты жеке мақсаттарына пайдаланған. Автокөліктерді жеткізу жөніндегі міндеттемелерін орындап жатқандай көрініс жасау мақсатында жәбірленушілерге банктік аударымдар жасалғаны туралы жалған құжаттарды ұсынған.

Барлығы 6 адам зардап шегіп, оларға жалпы сомасы 128 млн теңгеден аса материалдық залал келтірілген.

Мемлекеттік айыптаушы оның кінәсін толық дәлелдеді. Сот үкімімен оған 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Материалдық залалды өндіру туралы азаматтық талап қанағаттандырылды. Үкім заңды күшіне енді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу