Астанада қоғамдық көлікте жүру ақысы карточкамен 90 теңге болып қалады

1029

Астанада қоғамдық көлікте жүру ақысы карточкамен 90 теңге болып қалады

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана әкімі Әсет Исекешев журналистердің қоғамдық көлікте жүру ақысын көтеруге қатысты сауалына жауап берді, деп хабарлайды elorda.info. 

"Биылғы жылы жол жүру ақысын көтеруді жоспарлап отырған жоқпыз, жол ақысы карточкамен төлеу биыл 90 теңге болып қалады. Біз бұл тарифті қаламыздың тұрғындарына жағдайды толық анықтау үшін қалдырамыз. Бірақ біз сараланған тарифті енгіземіз. Ол шамамен 180 теңге шамасында болды. Карточкамен төлем жасағысы келмейтін адамдар қолме-қол есеп айырысып 180 теңге төлейтін болады", - деді елорда әкімі. 

Бұған қоса әкім қалалықтар үшін карточкамен төлем жасаған екі есе пайдалы екенін айтты. Ол бір сағаттың ішінде қоғамдық көлікте тегін қатынау. Карточка үшін тариф автопарктердің қаржылық жағдайы туралы шынайы картина анықталғанға дейін қалдырылады.

"Шынымен де, 2014 жылдан бері тариф көтерілген жоқ. Сол уақыттан бері екі девальвация болды, жанармай бағасы көтеріліп, инфляция, бірақ тариф бірде-бір рет көтерілген жоқ. Біз қазір автопарктермен экономикалық модельді анықтап жатырмыз. Көліктің бізде субсидяиланатыны түсінікті. Алайда, қалай және қаншалықты маңызды екенін түсіну керек. Біз автопарктердің ұсыныстарын тыңдадық, банкирлерді шақырдық. Есептік тариф – есеп үшін маңызды өз ақысы. Автопарктер 300 және 500 теңгеден ұсынды, бірақ біз ең төменгі бағаны – 200 теңгені алдық. Тариф жанармай сатып алуды, жүргізушілер мен кондукторлардың еңбекақысын, автопрактердің жөндеуі мен жаңаруын қамтамасыз ету керек. Бірінші кезеңде біз қоғамдық көлік бойынша жалпы көрінісін анықтау үшін 200 теңгені бекіттік. Сол себепті, ақшасын есеп айырысуға көшу, карточкамен төлем жасау біз үшін жүз пайыздық басымдылық болып отыр", - деді Әсет Исекешев.

Сондай-ақ ол сараланған тариф шілде айының ортасында енгізілетінін айтты. 

"Шамамен, қала тұрғындары 90 теңгеден төлейтін болса, бюджеттен  жылына шамамен 15 млрд теңге субсидияланатын болады.  Тағы да қайталап айтамын, жыл соңына дейін ақшасыз есеп айырысуға көшкенде бізде толық картина қалыптасады және біз ашық ақпарат беретін боламыз", - деді Астана әкімі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу