Астанада қоғамдық орындарда роботтандырылған патрульдік кешен қолданылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Робот-ит елорданың көлік инфрақұрылымы нысандарында және ірі сауда орталықтарында қызмет атқарады.
Бұл технология қоғамдық ахуалды бақылау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жедел әрекет ету мақсатында пайдаланылады.
Заманауи цифрлық шешімдерді енгізу Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес және ішкі істер органдарын кезең-кезеңімен цифрлық трансформациялау аясында жүзеге асырылуда.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу