Астанада көлігі бұзылып тоқтаған жүргізушіні басқа көлік қағып кетті

477

Жүргізуші оқиға орнында көз жұмды.    

Астанада көлігі бұзылып тоқтаған жүргізушіні басқа көлік қағып кетті Фото: 24.kz/ЖИ

Қайғылы жағдай 5 қазаннан 6 қазанға қараған түні болған. Астана қаласында көлігі бұзылып, жол жиегіне тоқтаған жүргізушіні басқа көлік қағып мерт қылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Рақымжан Қошқарбаев пен Орхон көшелерінің қиылысында Volkswagen Passat көлігінің жүргізушісі техникалық ақауға байланысты тоқтаған. Ол көліктің жүк салғышының жанында тұрған сәтте оны Hyundai Tucson көлігі қағып кеткен. Алған жарақат салдарынан жүргізуші қаза тапты", – деп хабарлады қалалық Полиция департаменті.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Кінәлі делінген Hyundai Tucson автокөлігі арнайы коммуналдық тұраққа қойылды. Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар мен тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу