Астанада көлігіне балағат сөздер жазып алған жүргізуші қамалды

559

Көліктің сыртына бейәдеп сөздер мен айналасындағылардың ар-намысына тиетін жазулар жазылған.

Астанада көлігіне балағат сөздер жазып алған жүргізуші қамалды Фото: Бейнежазбадан

Астанада Toyota Camry автокөлігінің сыртына әдепсіз сөздер мен адамдық қадір-қасиетті қорлайтын жазулар жазып, қала көшелерінде жүрген жүргізуші анықталды. Бұл туралы Астана қалалық Полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Полиция мәліметінше, әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында аталған автокөліктің бейнесі жарияланған жазба анықталған. Көліктің сыртына бейәдеп сөздер мен айналасындағылардың ар-намысына тиетін жазулар жазылған.

Тексеру барысында жүргізушінің осы көлікпен елорда көшелерінде жүріп, айналасындағыларға құрметсіздік танытқаны және қоғамдық тәртіпті бұзғаны белгілі болды.

Полиция қызметкерлері көлік иесін анықтап, ұстады. Ол – 21 жастағы Искандар Ирисдавлатов.

Аталған дерек бойынша азамат ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Сот шешімімен оған 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу