Астанада қонақүй өртеніп, 60 адам эвакуацияланды

180

Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

Астанада қонақүй өртеніп, 60 адам эвакуацияланды Фото: ТЖМ

Астананың Сарыарқа ауданында, Республика даңғылы бойында орналасқан бес қабатты қонақүйде өрт шықты. 2-ден 5-қабатқа дейінгі электр қалқандарында электр сымдары жанып, жалпы 12 метр аумақты шарпыған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ТЖД күштерімен 50 адам эвакуацияланды. Тағы 8 адам, оның ішінде 2 бала, үш иінді саты мен арнайы құтқару маскаларының көмегімен құтқарылды.

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметі өрт толық сөндірілгенін хабарлады. Зардап шеккендер жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу