Астанада концерт берген Backstreet Boys тобы моншаға барып үлгерді

765

Желіде әншілердің суреті таралды. 

Астанада концерт берген Backstreet Boys тобы моншаға барып үлгерді Фото: instagram/backstreetboys

Қазақстанда концерт берген танымал америкалық Backstreet Boys тобы моншада демалған сәтімен бөлісті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Топтың әлеуметтік желідегі парақшасында әншілердің моншада жүрген суреттері жарияланды.

"Қазақстандағы концерттер арасында аздап демалып, тынығуға да уақыт табылды", – делінген жазбада. 

Ұйымдастырушылардың сөзінше, музыканттар жақсы уақыт өткізген.

"Жігіттер ерекше әсер алды. Олар моншаға бірінші рет түсті, бұған дейін ешқашан сыпырғымен денені ысып, мұздай суға сүңгімеген", – деп пікір қалдырды "Астана концерт" продюсері Мәлік Хасенов. 

Айта кету керек, бұған дейін Backstreet Boys тобының концерті Астанаға қанша табыс әкелгені белгілі болғанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу