Астанада концертке жалған билет сатқан ер адам сотталды

284

30 жастағы ер адам әлеуметтік желі арқылы концертке жалған билет сатып, екі адамды алдаған.

Астанада концертке жалған билет сатқан ер адам сотталды Фото: gov.kz

Тергеу дерегіне сүйенсек, ол алдымен ресми сайттан 2 билет сатып алған. Кейін билеттердің деректерін өзгертіп, жалған нұсқаларын жасаған.

Содан соң Threads әлеуметтік желісінде билеттерді сататыны туралы хабарландыру жариялаған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Оған екі адам, соның ішінде кәмелетке толмаған азамат та хабарласқан. Сатып алушылар сатушыға тиісінше 50 мың және 40 мың теңге аударған. Ақшаны алғаннан кейін ер адам екеуін бұғаттап, байланысқа шықпай қойған.

Осылайша, жәбірленушілерге келген жалпы шығын 90 мың теңгені құрады. Сот кінәні толық мойындауы мен келтірілген залалды өтеуін ескеріп, ер адамды 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесті.

Сондай-ақ оған жазаның бүкіл мерзімі бойы пробациялық бақылау белгіленді.

Үкім заңды күшіне енді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу